Астанада биылғы алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды
![](/img/watch-gray.png)
![Астанада биылғы алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды](/img/articles/e8c88ffa9e6bd0c5d229a5c971f46d6b.jpeg)
Астанада жылдағы дәстүр елорданың және ел өңірлері тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта өткізіле бастады, деп хабарлады Elorda.info.
Елорданың Сарыарқа ауданындағы Б.Соқпақпаев көшесі, 21 үй жанында ашылған жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы жеке кәсіпкерлері қатысуда.
Қала қонақтары мен тұрғындары бұл жәрмеңкеден қажетті тауарларды нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатып ала алады, себебі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатады. Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, соның ішінде көкөністер, жемістер, сүт, азық-түлік және ет өнімдері бар, - дейді Астана қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі маманы Нұрдәулет Қосман.
Жаңа мекенжай болғандықтан халық әлі үйренісе қоймағанмен, тұрғындар біртіндеп келіп, жәрмеңкеден күнделікті пайдаланатын тағамдарын сатып алып кетіп жатыр.
Әдетте мұндай жәрмеңкелер орталыққа таман ашылатын. Қазір біздің ауданнан ұйымдастырылып, табиғи таза өнімдерді жақын жерден сатып алу мүмкіндігі туып тұр. Қиярдың келісі 450 теңге, қызанақ 500 теңгеден екен, бұл біздегі әлеуметтік базарлардың өзінде бұдан қымбаттау, қаймақ және шұжықтары да сондай төмен бағада, өзім сол өнімдерді үйде көп пайдаланатын болғандықтан, арзан бағамен көптеу етіп алдым. Біртіндеп бұл жерге бәрі үйренісіп кетер деген ойдамын, - дейді елорда тұрғыны Майгүл Жансейітова.
Айта кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Райхан РАХМЕТОВА
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)