00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада қай жерде садақ атуға болады?

25.07.2023 | 14:00
214
фото: archeryclub.by

Садақ ату — мергендік спортының бір түрі. Елімізде кейінгі жылдары  ұлттық  спорттың түрлері бойынша өтетін жарысқа садақ ату да қосылды.  Осы орайда Elorda.info тілшісі оқырмандарға елордада мергендік өнерді үйренуге болатын орындар туралы ақпарат ұсынады. 

 1. Sadaq_academy – Дәстүрлі садақ ату курсы 

Мекенжайы: Кабанбай батыр даңғылы, 49а.

Бағасы: 10 оқ ату - 2000теңге. Залды 1 сағатқа жалға алу 15 000 теңгеден басталады. Сынама сабақ – 2500 теңге, айлық жаттығу – 20 000 теңге.

Анықтама: Жұмыс уақыты таңғы 10.00- ден түнгі 23.00-ге дейін. Сәрсенбі демалыс күні. 

WhatsApp Image 2023-07-25 at 15.15.51.jpeg

2. Archer.astana – Садақ ату клубы

Мекенжайы: Есіл ауданы, 23ші проезд 6/1

Бағасы: Садақ атудан шағын курс 45 минутқа созылады, әр адамға – 5000 теңге.

Анықтама: Келушілер үшін арнайы киім мен жабдық беріледі. Шағын курстан бөлек түрлі спорттық бағдарламалар бар. Ересектер мен балалар тобы бар.

садақ.jpg

фото: norma.uz

3. «Mergen» - Садақ ату клубы

Мекенжайы: Сарыарқа даңғылы 33/1

Бағасы: 1 сағаты – 5000 теңге. 

Анықтама: Нұсқаушылар дәстүрлі садақ атуды үйретеді. Тимбилдинг жасауға арналған таптырмас орын. Онда қазақ, түрік, осман, сақ, моңғол садақтары бар.

WhatsApp Image 2023-07-25 at 15.16.17.jpeg

4. Altyn.zhebe.archery – Садақ ату клубы

Мекенжайы: ​Аманжол Бөлекпаев көшесі, 14.

Бағасы: Ересектер үшін сағаты – 5 теңге, балаларға – 3 мың теңге.

Анықтама: Клубта садақ атуға үйрететін нұсқаушылар бар. Бір реттік сабақтан бөлек, топтық және нұсқаушымен жеке үйренуге болады. 1 айлық оқыту 15 мың теңгеден басталады.

WhatsApp Image 2023-07-25 at 15.15.18.jpeg

5. «Tau-Park» - Демалыс орны

Мекенжайы: Қосшы қ. 016 учетный квартал, 1167

Бағасы: 5 оқ ату – 1000 теңге.

Анықтама: Аумақта атқа мініп, квадроциклмен жүруге және пейнтбол ойнауға болады. Демалушылар сақ моншасы мен киіз үйді жалға алуға мүмкіндігі қарастырылған.

садаққ.jpgфото: tobefit.ru

Все новости