Астанада «Ағыраптағы аты жоқ адам» кітабының таныстырылымы өтті
![](/img/watch-gray.png)
![Астанада «Ағыраптағы аты жоқ адам» кітабының таныстырылымы өтті](/img/articles/6d7feda35c359f314d8f70245880a696.jpg)
ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағы мен «BELES» құрылыс компаниясы ұйымдастырған «Жас қалам – жаңа роман» жобасының грант иегері, жас қаламгер Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» атты кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info. ⠀
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, журналист Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Иса, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқар, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, ҚР Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы және елордалық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Әдеби кештің модераторлары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, журналист Жанарбек Әшімжан және ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан болды. ⠀
Елімізде қазақ әдебиетіне, ұлт әдебиетіне жаны ашитын кәсіпкер азаматтар бар. Солар үш романға қаржы бөліп, талантты жазушыларға жағдай жасады. Соның бірі – жазушы Қанат Әбілқайыр. Ол тарихи тақырыптарды жазды.
«Ағыраптағы аты жоқ адам» романында адамның сезімін қозғалысқа келтіретін элементтер бар. Жазушының әңгімешіл шеберлігіне риза болдым, - дейді сыншы Амангелді Кеңшілікұлы.
Ал кітап авторы ағырап сөзіне тоқталып кетті.
Көп адам «Ағырап деген не?» деп сұрап жатыр. Дінде жұмақ пен тозақ деген ұғым бар. Ислам дінінде жұмақ пен тозақтың ортасында бір мекен болады. Ол жерде жақсылығы мен жамандығы тең түскен, яғни жұмаққа да, тозаққа да жіберуге келмейтін адамдар қалады деген түсінік бар. Осыған қатысты Ағырап деген сүре де бар. Шығармада оқиға Ағырап деген қалада өтеді, - дейді жазушы Қанат Әбілқайыр.
![](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![](/img/articles/2a232e2fd64d9110f856f901cdcd094d.jpeg)
![](/img/articles/da909f3d00b7f1ecdb9bfd38051a9b0e.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Астанада «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі өтеді](/img/articles/2a232e2fd64d9110f856f901cdcd094d.jpeg)
![Астанада мерекелік отшашу ұйымдастырылды](/img/articles/da909f3d00b7f1ecdb9bfd38051a9b0e.jpeg)
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)