00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астанада Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

27.10.2023 | 03:00
163
Фото: Elorda Aqparat

28 және 29 қазанда Астанада Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл жолы жәрмеңке Тұран даңғылы, 48 мекенжайында, «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда өтеді.

Жәрмеңкеге 100 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:

- Ет және шұжық өнімдері 100 тонна;

- Картоп пен көкөністер 50 тонна;

- Сүт өнімдері 20 тонна;

- Жұмыртқа 400 мың дана.;

- Балық 2 тонна;

- Ұн және макарон 25 тонна.

Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтық бағадан төмен болады. Өнімнің жалпы көлемі 300 тоннадан асады.

Айта кетейік, елордада қорытынды жәрмеңке 4-5 қарашада Қарағанды және Ұлытау облыстарының аграршыларының қатысуымен өтеді.

Все новости