Елордада 10 тонна насыбай өртелді
![](/img/watch-gray.png)
![Елордада 10 тонна насыбай өртелді](/img/articles/86150c907140a60f4eb296cf3e27a3a4.jpeg)
Астанада рейдтер барысында аудандық әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тағы 10 тонна насыбай тәркіледі. Оның құны 50 миллион теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылды, деп хабарлады Elorda.info.
«Жастар рухы» ЖК белсенділері насыбайды жою жөніндегі акцияны өткізу барысында «Таза Қазақстан» туы желбіреді. Осылайша жастар экоакцияны қолдап, тыйым салынған заттардың зиянды әсерін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 18 наурыздан бастап Астананың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер өтіп жатыр. Полицейлер сауда нүктелерін тексереді және 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл сала отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Анықталған өнімдер жергілікті орындардан тәркіленеді.
Біз өз қаламызды жаман әдеттерден арылтамыз. Жастарды және еліміздің басқа өңірлерін жаман әдеттердің орнына спортпен және басқа да пайдалы істермен айналысуға шақырамыз. Бұл ауқымды акция, ол бойынша жұмыс тұрақты негізде жүріп жатыр, - деді елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.
Айта кету керек, бұған дейін елордада 4 тонна шегілмейтін темекі өнімдері жойылған болатын.
Шегілмейтін темекі өнімдері денсаулыққа ғана емес, біздің даму мәдениетімізге де кері әсер етеді. Адамдар түкіреді, ашуланшақ болады, тыйым салынған заттарды пайдаланады. Бұл біздің елордамызға зиянын тигізеді. Акция өте дұрыс, - дейді ерікті Жанель Әкежанова.
Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)