00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елорда әуежайының ұшу-қону жолағы жазда жөндеуден өтеді

31.03.2023 | 23:18
Елорда ақпарат
96

Елорданың халықаралық әуежайының ұшу-қону жолақтары жөнделеді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

​​Әуежайдың ұшу-қону жолақтарын жөндеу жұмыстары 2023 жылғы 15 шілдеден 8 тамызға дейін жоспарланған. Бұл уақыт құрылыс кезеңінің неғұрлым қолайлы жағдайларына байланысты. Жөндеу жекелеген учаскелерде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жолымен жүргізілетін болады, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығын жөндеу жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Өткен жылдардағы талдауға сәйкес, жауын-шашынның минималды түсуі және асфальтбетон зауыттарының үздіксіз жұмысы жөндеу жұмыстарын аталған кезеңге белгілеуге мүмкіндік береді.

Все новости