00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Астанада қандай мамандар сұранысқа ие

31.03.2023 | 23:04
Елорда ақпарат
98

Бүгінде жұмыссыздықтың өсуімен қатар қоғамда білікті мамандар тапшылығы мәселесі өткір тұр. Бұл туралы елордадағы халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Бағила Орымбетова Elorda.info тілшісіне берген сұхбатында хабарлады. 

Оның айтуынша, көптеген компаниялар тиісті дайындық деңгейі бар қызметкерлерді таба алмайды. Сонымен қатар, елордада қазір сұраныста жоқ мамандық иелері көп көрінеді. Оқу орындарын бітірген жастарымызда өндіріске қажетті практикалық дағдылар болмағандықтан кәсіпорындар оларды жұмысқа қабылдауға немесе лайықты жалақы төлеуге келіспейді екен. Міне, осының салдарынан жастардың тәжірибе жинап, кәсіби дағдылар қалыптастыруға мүмкіндігі болмайтынын айтады.

Қазіргі таңда келесі мамандықтарға сұраныс жоғары: құрылыс және өндіріс саласында – электрмен жабдықтау, сәулет-құрылыс, жылу энергетикасы; білім беру саласында – мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі, педагогика және психология, кәсіптік оқыту; денсаулық сақтау саласында – медицина, денсаулық сақтау, профилактикалық медицина және мейірбике ісі; қаржы және сақтандыру қызметі саласында – есеп және аудит, экономика және қаржы, қаржылық менеджмент, банк ісі, - деп атап Б.Орымбетова.

Венера БАТАЛОВА

Все новости