00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Елорда автопаркі автобустармен қаншалықты қамтылған

31.03.2023 | 23:02
Елорда ақпарат
96

Биыл елорданың автобус паркі 25%-ға жаңартылады, деп хабарлады Elorda.info.

9 ақпанда Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Астана әкімдігі елорданың автобус паркі 25%-ға жаңартылатынын, 500 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 93 222 автобус тіркелген.

Халықты автобустармен орташа қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 4,7 автобусты құрайды.

Астана қаласында тіркелген автобустар саны 6826 бірлікті құрады. Яғни, 1000 астаналыққа 5 автобустан ғана келеді. Астанадағы автобус паркінің 75 пайызы 10 жылдан асқан, - деп жазады «Атамекен» талдау қызметі.

Все новости