Елордада суға батып бара жатқан әйел мен иті құтқарылды
![](/img/articles/uploads/63d9d51480a56113981761_5988d3214b.webp)
Астанада Есіл өзеніне батып бара жатқан әйел мен иті құтқарылды, деп хабарлады Elorda.info қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
31 қаңтар күні таңғы сағат 9.22-де елордалық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Кенесары көшесі ауданында Есіл өзеніне иттің суға батып бара жатқаны туралы хабарламаға шықты. Белгілі болғандай, әйел итпен серуендеп жүрген, кенет жануар өзен үстіне жүгіріп шығып, мұз астына түсіп кеткен, - делінген ведомство хабарламасында.
Итін құтқармақ болып ұмтылған әйелдің әрекетінен нәтиже шықпай, өзі де суға бата бастаған. Сол уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам құтқарушылар келгенге дейін әйелді судан алып шыққан.
ТЖД бөлімшелері келген кезде ит әлі де суда болды. Құтқарушылар дереу итті судан шығаруға кірісті. Бақытымызға орай, құтқару операциясы сәтті аяқталды, ит иесіне тапсырылды. Әйел мен үй жануарының жағдайы жақсы, олардың өміріне еш қауіп жоқ, - деді ТЖД-дан.
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)