00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада үшінші сорғы-сүзгі станциясы салынып жатыр – Жеңіс Қасымбек

31.03.2023 | 21:25
Елорда ақпарат
105

Астанада халықты таза сумен қамту үшін үшінші сорғы-сүзгі станциясы салынып жатыр және тағы бір кәріз-тазарту қондырғысы жобалануда. Бұл туралы Үкімет отырысында кәріз тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту мәселелері қаралып жатқан жиында қала басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі уақытта елордада жалғыз кәріз-тазарту қондырғысы жұмыс істейді. Оның жобалық қуаты тәулігіне 254 мың текше метр, ал нақты жүктемесі – тәулігіне 260 мың текше метрден асып тұр. Халық санының өсу қарқынын, сондай-ақ құрылыстың жоғары қарқынын ескере отырып, елордаға қосымша су жабдықтары қуаты қажет», - деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, елордада үшінші сорғы-сүзгі станциясы салынуда. Бұл жобаны келесі жылыту маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қаланы таза судың тиісті мөлшерімен қамту үшін өндімділігі тәулігіне 105 мың текше метр болатын үшінші сорғы-сүзгі станциясы салынып жатыр. Жаңа сорғы-сүзгі станциясы пайдалануға берілген соң, қазіргі кәріз тазарту қондырғысына жүктеме де бірнеше есе артады. Қосымша пайда болатын кәріз ағындарын толыққанды тазарту үшін екінші кәріз-тазарту қондырғысының құрылысы жобалануда. Жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме қаралып жатыр. Сараптаманы алуды 2023 жылдың мамыр айына жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін 2-3 жылда аталған жобаны аяқтау қажет, тиісті жұмыс орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілуде, - деп атап өтті Астана әкімі.

Все новости