Елордада Тәуелсіздік күніне орай Batyrs’ Battle турнирі өтті
![](/img/articles/uploads/639c3e4408b85966759725_bd4d576051.jpg)
Астандағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Batyrs' Battle турнирі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және қазақстандық зілтемірші Илья Ильин қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан Batyrs' Battle турнирінде өздеріңізді көргеніме қуаныштымын! Batyrs Battle – бұл салауатты өмір салтын насихаттайтын көпсайысты турнир. Ерекше жоба алғаш рет 2007 жылы жүзеге асқан еді. Бүгінгі шараның негізгі мақсаты — Қажымұқан, Балуан Шолақтардың жаттығу үрдісін жалғап, халық арасында кеңінен насихаттау. Орасан күштің иесі Қажымұқан бабамыз — күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралағаны белгілі. Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қажымұқанның ізбасарлары күш сынасатын додада ең мықтылар жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін,- деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – балалар мен жастарды қазақ елінің тарихымен таныстырып, ал аға буынға өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік беретін жоба. Мұнда әркім өзінің күші мен қабілетін көрсете алады. Турнирдің мақсаты жеңу немесе жеңілу емес. Ол – аренаның тар кеңістігінде, мыңдаған адамдардың алдында өз күшін көрсету.
Бес раундтан тұратын сайысқа 10 балуан қатысты. Қатысушылар сахна алдында тұрған қаптарды көтеріп қана қоймай, сайыстың ережесі бойынша бөрене, тас көтеріп, металдан жасалған шыбықты майыстырып, белбеу күресіне де қатысты. Әр раундтан кейін төрешілер алқасы әр қатысушыға белгілі бір ұпай санын беріп, мықтыларын анықтап отырды.
Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен марапатталды.
Айта кетейік, іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық спортшылар одағының ұйымдастыруымен өтті.
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)