Елордада Тәуелсіздік мерекесіне орай автошеру өтті (ФОТО)
![](/img/articles/uploads/639adcc917ff9470391037_7a9e75d5b3.jpg)
Халқымыздың қастерлі мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «ЖРО «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұрындық болуымен автокөліктер шеруі өтті. Бұл шара «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған «Еркіндігім – қасиетім» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлады Elorda.info.
Автошеруге 250 мемлекеттік тумен жабдықталған 30-ға жуық жеңіл автокөлік қатысты. 2017 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл игілікті шара биыл ҚР Мемлекеттік туы алаңынан бастау алып, шаһардың ең сәулетті даңғылдары арқылы «Отан қорғаушылар» монументіне дейін жалғасты.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарымызға патриотизм мен елжандылықты насихаттап, жастардың бойында мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметті арттыру. Сондай-ақ, мұндай шаралар қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын атаулы мерекемен ерекше құттықтауға мүмкіндік береді және оларға мерекелік көңіл күй сыйлайды, - дейді ұйымдастырушылар.
Көліктер шеруіне жылдағы дәстүр бойынша қалалық волонтерлар штабының жастары мен қаланың автоклубтарының өкілдері қатысты.
Көрген жанның көз жауын алатын көк байрақтарымыз желбіреп көше бойлап шерулеткенде кеудеңді мақтаныш сезімі кернейді екен. Осындайда өзіміздің тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында тұрып жатқанымызға шүкірлік етемін, – дейді қала тұрғыны Ақлима Манат.
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)