Елордада «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты мерекелік концерт өтті
![](/img/articles/uploads/6399df71e5406918789347_9e44b1fe97.jpg)
Бейбітшілік және келісім сарайында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының "Қорқыт" этноансамблі концертке жиналғандарды әсем әуендермен қарсы алды. "АЛЖИР" мемориалды музей кешені Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Алаш қозғалысының 105 жылдығына арналған "Ұлтын оятқан ұлы тұлғалар" көрмесін ұйымдастырды.
Астана қаласы әкімдігіне қарасты мәдени ұжымдар мен шақырылған қонақтар қатарындағы белгілі әншілер өнер көрсеткен кешті Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек тамашалады.
«Наз» мемлекеттік би театрының «Ғасырлар үні» қойылымымен басталған концертті «Жастар» театрының «Желтоқсан құрбандарына арнау» поэтикалық композициясы жалғады. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі «Шаттан елім» шығармасын ұсынды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова халық оркестрінің сүйемелдеумен «Сәлем саған беремін» әнін әуелетті. Ә.Мәмбетов атындағы драма және комедия театры «Жас Абай» спектаклінен үзінді көрсетті. Елордалық филармония әншілері Жақсыгелді Маясаров, Нұржан Мейірхан, Әйгерім Нартүйе және Алуа Қалымбекова әннен шашу шашты.
«Есіл толқындары» ансамблі ата-әжелерімізге жастық шақтарын сағындыртып, композитор Бақытжан Байқадамовтың «Су тасушы қыз» әнін тамылжытты. «Кешью» тобы «Қазақ арулары» әні және «Сүгірдің термесімен» жиналғандардың көңілін көтерді.
«Қанаттылар» инклюзивті театры жақында ғана премьерасы өткен жазушы-драматург, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанованың Семей полигоны қасіретіне арналған «Қызжылаған» драмасынан үзінді ұсынды. «Bala time» балалар студиясы қойылым қойды. Музыкалық жас көрермен театры қазақ вальсінің королі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Шәмші Қалдаяқовтың өлмес әндерінен поппури орындады.
Белгілі әнші Қуандық Рахым «Мен қазақпын» және «Молдабайдың әнімен» көрермендерді рухтандырды. Айдын Жұмабай мен Зарина Божақова Астана қаласының эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен «Астана махаббатым менің» әнін орындады.
Ал концертті осы оркестрдің сүйемелдеуімен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әншілері Алтынбек Арыстан, Әйгерім Ораз, Мұратбек Хайролда, Диана Маева, Парасат Отан және Фируза Рахметова түйіндеді.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)