Елордада Тәуелсіздік күніне орай Batyrs’ Battle турнирі өтеді (ВИДЕО)
![](/img/articles/uploads/63995bab6ed1a912307614_ddf27bb12e.jpg)
Астанда 15 желтоқсан күні сағат 19:00-де Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Batyrs' Battle турнирі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Batyrs Battle – бұл салауатты өмір салтын насихаттайтын көпсайысты турнир. Ерекше жобаның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және ұлттық спорт түрлерін қолдау, Президент жолдауында айтылған ұлттық мәдениет, тарих мен дәстүрлерді жаңғырту үдерісіне жасөспірімдер мен жастарды тарту .
Біздің турнирде жас шектеулері жоқ. Сол себептен балалар үшін біз Batyrs Battle – Kids жеке жобасын жасадық. Аталмыш жарыс балалар мен жастарды қазақ елінің тарихымен таныстырады, ал аға буынға өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Мұнда әркім өзінің күші мен қабілетін көрсете алады. Турнирдің мақсаты жеңу немесе жеңілу емес. Ол – аренаның тар кеңістігінде, мыңдаған адамдардың алдында өз күшін көрсету. Бағыңызбен күшіңізді сынағыңыз келсе, бізге өтінім жіберіңіз, қатысыңыз- дейді жобаның негізін қалаушы Сергей Цырульников.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыс 5 раундтан тұрады. Әр раундтан кейін төрешілер алқасы әр қатысушыға белгілі бір ұпай санын береді.
Қатысушылар төмендегідей бөлімдер бойынша күш сынасады:
- Биіктікке қап көтеру (60, 70, 80 және 90 кг);
- Бөрене көтеру
- Тас көтеру
- Металдан жасалған шыбық майыстыру
- Белбеу күресі – белдесу
Айта кетейік, мерекелік шара – спортшылардың рейтингтік немесе өзге де біліктіліктерін көздемейтін көрсетілімдік турнир. Сонымен қатар турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен марапатталады.
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық спортшылар одағының ұйымдастыруымен өтеді.
Мерекелік шараға кіру тегін.
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)