00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Елордада қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтаратындар саны артты

31.03.2023 | 20:18
Айман Нығмет
70

CTS компаниясы Астанада қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтаратындардың саны артып келе жатқанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл басынан бері қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 82 мың фактісі тіркелді. Оның ішінде 15 521 жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 127,5% көп, - делінген CTS компаниясының мәлімдемесінде. 

Компания мәліметі бойынша, кейінгі кезде билетсіз жолаушылардың саны айтарлықтай артқан. 

Мысалы, А пунктінен В пунктіне дейін жүру жолында бір автобуста жол ақысын төлеуден жалтарған 20 жолаушыға дейін жетіп жатады. Жол ақысын төлемеу фактісі серіктестік қызметкерлерінің мониторингі кезінде ғана белгіленеді. Яғни тасымалдау процесін қадағалау барысында ғана қоғамдық көліктің жосықсыз пайдаланушыларын анықтауға болады, - деп жазады CTS мамандары.

Все новости