«Тәуелсіздік және елорда» республикалық жазба ақындар мүшәйрасы басталды
![](/img/articles/uploads/6368875facc4e730858761_a9e8d2075c.jpg)
«Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» республикалық басылымдарын және Elorda.info сайтын біріктірген «Elorda Aqparat» ЖШС Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік және елорда» атты жазба ақындардың республикалық мүшәйрасын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Жыр сайысының мақсаты – тәу етер тәуелсіздігімізді, тәуелсіздік тұмары – Астананы жырлау. Алдағы желтоқсан айында тәуелсіздік бастауы – Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл толады. Ұйымдастырушылар осы мүшәйра арқылы Алаш қайраткерлерінің еңбегін және Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ерлігін еске алып, тәуелсіздікке тағзым етуді көздеп отыр.
Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:
– жыр додасына 40 жасқа дейінгі ақындардың өлеңдері қабылданады;
– әр ақын бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлең жолдауы тиіс (біреуі тәуелсіздік немесе Астана туралы, біреуі – еркін тақырыпта);
– марапаттау рәсіміне шақырылатын өзге өңірлердегі ақындардың келіп-кету жолы, жатын орны қатысушының өз есебінен;
Мүшәйраны өткізу мерзімі:
Өлеңдер 5 қараша – 10 желтоқсан аралығында aqsham1990@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді белгілі ақындардан құралған комиссия анықтайды. Марапаттау рәсімі 13 желтоқсан күні Астана қаласында өтеді.
Мүшәйрада топ жарған өлеңдер «Астана ақшамы» газетінде жарияланады.
Жүлделер демеушілер есебінен тағайындалады:
Бірінші орын – 500 000 (бес жүз) теңге
Екінші орын (біреу) – 300 000 (үш жүз) теңге
Үшінші орын (екеу) –әрқайсысы 100 000 (жүз) теңгеден.
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)