00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада «Рухты волонтерлер» фотокөрмесі ашылды

31.03.2023 | 18:36
Елорда ақпарат
83

Елордада волонтерлерге арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» жазуынша, көрмеде соңғы үш жылда ерікті жастардың ел басына күн туғанда жасаған жанкешті жұмысы көрсетілген. Пандемия кезінде үйлерді аралап азық тасыса, су алғанда халықпен теңдей жүріп, тізеден су кешті. Қостанайда болған алапат өртте ел-жұртпен қатар өрт сөндірушілерге көмек қолын аямаған олар сол жұмыстардың нәтижесін көрсетті. Үлкен қайырымдылық іске 10 мыңға жуық жас тартылған. Бүгінде елорданың сауда орынының бірінде фотокөрме тегін жұмыс істеп тұр.


Елімізде болған төтенше жағдайларда көмек көрсеткен, қолғабыс еткен азаматтарға құрмет көрсету мақсатында осындай тәсілді өзіміз таңдап, азаматтарға жеткізіп жатырмыз. Мақсатымыз – еріктілердің бойында жігер, қайрат, намыс бар жастарымызды тарту, - деді  «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Все новости