00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада мүгедектігі бойынша қанша адам баспана кезегінде тұр

31.03.2023 | 18:25
Елорда ақпарат
104

Елордада І және ІІ топтағы 3201 мүгедек азамат үй кезегінде тұр. Бұл туралы қалалық маслихатта өткен тұрақты комиссияның отырысында Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Бейсен айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік осал топтарының тізімінде 3 201 азамат І және ІІ топтағы мүгедек санаты бойынша тұр. Ал 1892 азамат мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар есебінен тұрғын үй кезегінде тұр. Жоғарыда аталған азаматтар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында баспанамен қамтылуда. 3 жыл ішінде жоғарыда аталған санаттарға жататын азаматтарға 374 пәтер сатып алу құқығынсыз берілді, - деді Ғалымжан Бейсен.

Оның айтуынша, тұрғын үй инфроқұрылымын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, «Бақытты отбасы» бағдарламасы қайта қаралған. Атап айтқанда, ондағы толық емес отбасы санаты алынып тасталып, оның орнына жетім балалар, І және ІІ топтағы мүгедек адамдар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар енгізілген.

Мүгедектер тобын қайта қарау нәтижесі бойынша, І және ІІ топтағы мүгедектер ІІІ топқа ауысқан жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар санынан шығарылады. Айта кетейін, 2020 жылы - 121, 2021 жылы - 543, ал 2022 жылы - 79 азамат ІІІ топқа ауысуына байланысты баспана кезегінен шығарылды, - деп тоқталды басқарма басшысының орынбасары.

Все новости