00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Астанада дрон ұшырған ресейліктер ұсталды

31.03.2023 | 18:19
Елорда ақпарат
88

Есіл ауданының Полиция басқармасына Ресей Федерациясының азаматтары қаланың әкімшілік ғимараттарын рұқсатсыз дронға түсіріп жүргені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлады Elorda.info

Анықталғанындай, 21 және 28 жастағы жігіттер жағалау маңында және Қорғаныс министрлігінде дрондарды ұшырғаны анықталды. Бұл фактілер әртүрлі уақытта орын алған, сонымен қатар азаматтарда квадракоптерді қолдануға рұқсат құжаттары болмаған.

12 қазанда Ресей Федерациясынан келген 43 жастағы ер адам Достық көшесінің бойында бейнетүсірілім жасау үшін дрон ұшырғаны туралы тағы бір хабар келді. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілді. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК 563-бабы 1-бөлігі 5-тармақшасы тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Аталған тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Полицейлер ҚР әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. 

Все новости