00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада мүгедектігі бар жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

31.03.2023 | 17:10
Елорда ақпарат
46

Бүгін елордада Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында мүгедектігі бар жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Elorda.info

Мақсат – мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға, олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу.

Жәрмеңкеге 25-ке жуық жұмыс беруші қатысты. Қалаған жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін әр келушіге тіркеуден өту қажет болды, содан кейін келушілерге жеке нөмір беріліп, бос жұмыс орындарын жеке таңдауға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар іс-шара барысында мүгедектігі бар адамдарға психологиялық кеңес алу мүмкіндігі берілді, бұдан басқа флористика, аспаздық және т.б. бағыттар бойынша түрлі шеберлік сабақтары, сондай-ақ қызықты конкурстар өткізілді, оның қорытындысы бойынша келушілер естелік сыйлықтар мен көптеген жағымды эмоция алды.

Іс-шараны Нұр-сұлтан қаласының Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту орталығы «AmanZhol и К.» ҚҚ-мен серіктестікте «Каспий» спортты дамыту қоры» ҚҚ қолдауымен ұйымдастырды.

Все новости