Елордада суға шомылуға рұқсат етілмеген 21 орын бар
![](/img/articles/uploads/62f61dcd826e4307229709_47a9b7a8ce.jpg)
Ратбек Демеубергеннің айтуынша, судағы адам өлімінің басты себебі – рұқсат етілмеген орындарда шомылу, азаматтардың жек қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және мас күйінде суға сүңгу.
Статистикаға сәйкес суда қаза болу жағдайларының 80%-ға жуығы жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылу себебінен болады. Биыл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысымен шомылуға үш учаске: Орталық қалалық жағажай, "Три пескаря" және "Астаналық аула" демалыс аймақтары рұқсат етілді. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен шомылуға арналған су айдындарының 21 тыйым салатын учаскесі (Алматы – 8, Байқоңыр – 4, Есіл - 6, Сарыарқа – 3) орнатылды. Барлық тыйым салынған учаскелер бойынша тыйым салу және ескерту белгілерін, оның ішінде жүзбелі белгілер мен ақпараттық стенділер орнату ұйымдастырылды, - деді Р.Демеуберген.
Күн сайын елорданың су айдындарының қауіпті учаскелерінде ТЖ департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлері патрульдеу жүргізеді. Олар халықпен судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп тұрады.
Бүгінгі таңда департамент қызметкерлері 20 мыңнан астам жадынамалар мен парақшалар таратты. Рейдтік іс-шаралар барысында Полиция департаментімен 189 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 28-і 364-бап бойынша (ортақ су пайдалану ережелерін бұзу) және 161-і 440-бап бойынша (қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу). Суға шомылу кезеңінің басталуымен елордалық құтқарушылар қаланың су айдындарында 6 адамды құтқарды. Олар тыйым салынған орындарда суға шомылған, - деді басқарма басшысы.
Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады.
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады](/img/articles/fcbea304564f13af0590d2cdaee611c3.jpeg)
![Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді](/img/articles/cb233e021ef2a246156d5648589fb7b5.jpeg)
![Туристік полиция елорда қонақтарына көмек көрсетті](/img/articles/a5829da00917af15999f51b196237ac2.jpg)
![Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды](/img/articles/103da4dc1da3eb3d6bdb6c2a879d8909.jpeg)
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)