00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада жаңа көпір пайдалануға берілді

25.02.2023 | 13:08
Елорда ақпарат
76

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, көпірдің ұзындығы – 263,22 метр, ені – 51,4 метр.

Әрбір қозғалыс бағытының жүріс бөлігінде ені 3,75 метр үш жолақ және ені 4 метр бір жолақ бар. Жолдың сыртқы жағында 1,5 метрден қауіпсіздік жолақтары салынған.

Ұлы дала даңғылының бойындағы көпір Мәңгілік ел даңғылы, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелері, Nova city ауданы, «Мыңжылдық» аллеясындағы жүктемені ішінара төмендетуге мүмкіндік береді, «Нұрлы жол» вокзалына, Тельман және Промышленный тұрғын алабына, «Метро» гипермаркеті аумағына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне бару жеңілдейді, - деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметі.

 

Айта кетейік, келесі жылы Тәуелсіздік даңғылы бойымен Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір автокөлік көпірін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Все новости