00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада М-1 көпірінің учаскесі жартылай жабылады

25.02.2023 | 12:25
Айман Нығмет
76

Ағымдағы жылғы 16 шілде мен 15 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі М-1 көпірі бойынша жол учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады. 

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген басқарманың хабарламасында.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Тұран және Қабанбай батыр даңғылындағы Bus Lane жолағына шығу фиксациясы өшірілді.

Все новости