00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету мәслелелері талқыланды

25.02.2023 | 12:18
Елорда ақпарат
92

Іс-шараға «ELAMAN» қоғамдық қорының өкілі Жанат Кабдула, «АСТ Астана әлеуметтік технологиялар» қоғамдық бірлестігінің өкілі Нұрлан Сыздықов, «Дос» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің өкілі Дастан Раушанбеков, Нұр-Сұлтан қаласы мүгедек балалар қоғамы басшысының орынбасары Диляра Коршаева және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов қатысты.

Жиын барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғайтын қоғам өкілдері қоғамдық көлікті пайдалану кезінде кездесетін негізгі проблемалық мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілерін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету бойынша оқыту жүргізілді. Мүгедектігі бар жолаушыларға қызмет көрсетудің негізгі міндеттері мен ережелері түсіндірілді.

«Біз үшін мүмкіндігі шектеулі жолаушыларымыздың қоғамдық көлікті кедергісіз пайдалануы маңызды. Ол үшін автобус жүргізушілері желіге шығар алдында міндетті түрде CTS біліктілік орталығында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қызмет көрсету дағдыларын оқытудан өтеді», - делінген CTS хабарламасында.

Все новости