00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Елордада 5 мыңнан астам аз қамтылған отбасы мен мұқтаж жандарға ет таратылып жатыр

25.02.2023 | 10:45
Елорда ақпарат
89

Құрбан Айт – қасиетті Рамазан айы аяқталғаннан кейін 70 күн өткен соң бүкіл әлем мұсылмандары атап өтетін мереке. Бұл күні мұсылмандар мешітке барып, арнайы айт намазын оқиды, туыстарына айттап барады, мерекелік дастарханда бас қосып, бір-біріне сыйлықтар береді. Сондай-ақ  мұсылмандар  құрбандыққа мал шалады және еттің бір бөлігін отбасына азық ретінде, үштен бір бөлігін мұқтаж адамдарға таратуға, ал еттің қалған бөлігін қиын жағдайда қалған туыстарына немесе көршілеріне таратып береді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі және «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ ұйымдастыруымен және қолдауымен «Астана жастары» ЖРО волонтерлары және автоволонтерлері аз қамтылған отбасыларға және мұқтаж жандарға ет таратты.

Құрбан айт мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласының белсенді жастары, қала тұрғындары, аудандық әкімдіктердің, қалалық басқармалардың өкілдері біріге отырып, үш күн бойы  жалпы саны 5 мыңнан астам отбасыға сиыр, қой, түйе еттерін жеткізіп бермекпіз. Өткен жылы 10 мыңға жуық отбасыға ет таратқан болатынбыз. Бүгінгі іс-шараға волонтерлер мен автоволонтерлер қатысып отыр. Олардың жалпы саны 500-ден асады. Әр отбасыға 10-25 келі арасында ет таратылады.Бұл іс-шара әкімдіктің қолдауымен соңғы бес жылда тұрақты түрде жүзеге асырылып келе жатыр», - деді «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бөлім басшысы. Аян Ерментаев.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – осы бір қасиетті мерекеде мұсылмандық парызды орындау, мұқтаж жандарға көмектесу. Аталған игі істің басы-қасында жүрген жандардың бірі – волонтер Дамир Айтымов.

Құрбан айт мерекесіне орайластырылып өткізіп жатқан бұл іс-шараның сауабы мол. Құрбандыққа шалған мал етінің бір бөлігін аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға таратып беріп жатырмыз. Көңіл-күйіміз керемет. Осында игі іске атсалысқаныма қуаныштымын, - дейді волонтер Дамир Айтымов.

 

Айта кетейік, елордалық волонтерлер бұған дейінгі мерекелерде де мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін таратып, сауапты іске мұрындық болып жүр.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалу сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ мұны «QURBAN2022.kz» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайты арқылы да онлайн жасауға болады. Мал сою үшін мына елордада 7 орын белгіленген болатын.

«Құрбан айт» мерекесі күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа да діни мәселелер бойынша ақпарат алу үшін тәулік бойы «109» Call-center жұмыс істейді.

Все новости