00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Нұр-Сұлтанда полицияның 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

25.02.2023 | 10:01
Елорда ақпарат
76

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкер Фариза Самбетованың жесіріне пәтер кілтін табыс етті. Нұр-Сұлтан қаласы ПД мамандандырылған патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Бауыржан Самбетов өткен жылы қызметте қаза тапты. Оның артында жұбайы мен бес баласы қалды.

Қазақстандық Полиция күнімен елордалық Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаев құттықтады.

Мерейтойлық датаға өзінің бейнеқұттықтауын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінің құқықтық тәртіпті қорғаушы әріптесі, Бішкек қаласының Ішкі істер бас басқармасының бастығы милиция полковнигі Азамат Болотбекұлы Ноғойбаев жіберді.

Іс-шараға қазіргі заманғы полицияның қалыптасуы мен дамуына үлкен еңбек сіңірген ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жесірлері қатысты.

Дәстүр бойынша қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ІІМ Министрінің бұйрығымен және Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының бұйрығымен елордалық полиция қызметкерлеріне басшы құрамның арнаулы атақтары мерзімінен бұрын берілді, сондай-ақ медальдар, грамоталар және алғыс хаттар берілді.

Барлық қонақтар үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің және Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті хорының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Все новости