00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Алтай Көлгінов «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады

25.02.2023 | 09:10
Айман Нығмет
96

Биыл 348 оқушы «Алтын белгі» белгісін растады, тағы 450 түлек үздік бітірді. Ағымдағы оқу жылында республикалық олимпиадалар мен конкурстарда елордалық  оқушылар 100-ден астам алтын, 100-ден астам күміс және 157 қола медаль жеңіп алды. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда тағы 89 медаль жеңіп алды.

Елордалық құрама команда 15 жыл қатарынан жалпыкомандалық есепте 1-орын алып, «Үздік олимпиадалық команда» атағына ие болды.

Мектеп оқушылары үшін өмірдің жаңа кезеңі басталды. Олардың әрқайсысы болашақта әр сала маманы болады.  Ең бастысы жас түлек өзіңе және өз күшіңе сенуі қажет. Мемлекет өз тарапынан сапалы білім алу үшін одан әрі де жағдай жасайтын болады. Барлық  жас түлектерді мектеп бітіруімен  тағы да құттықтаймын, – деп жазды елорда әкімі.
 

Все новости