00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде «Жеңімпаздар. Батырларға тағзым» акциясы онлайн өтеді

25.02.2023 | 07:44
Елорда ақпарат
88

Онлайн-акция аясында ақпараттық платформада «Жеңімпаздар» жобасы аясында жіберілген анкеталар негізінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері айтылады. Жоба мен акция 2022 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтеді.

«Жеңімпаздар» – бұл 2014 жылдың 9 мамырынан бастап ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері туралы 3,5 мыңнан астам оқиға қамтылған жоба. Қазақстан және басқа да елдердің оқырмандары майдан даласына аттанған аталары, әжелері, достары туралы ақпарат жібереді.

Жоба оқырмандарды Қазақстанның бұрын белгісіз және аса танымал болмаған кейіпкерлерімен таныстырады, ардагерлердің туыстарына соғыстан кейін хабар-ошарсыз кеткен жақындарын табуға көмектеседі.

Жоба аясында қазақстандық ҰОС ардагерлерінің бүгінгі ұрпаққа арнаған видео-хабарлары жазылды. Жоба кейіпкерлері жастығына қарамастан соғыстың қаншама қасіретінен өткенін еске алады. Өз тілектерінде ардагерлер, жастарды кішіпейілдікке және адалдыққа, спортпен айналысып, шымыр, рухы мықты болуға шақырды. Ардагерлер елімізде соғыс болмай, бейбіт заманда өмір сүруімізді тіледі. Видео-хабардағы батырларымыздың көбісі қазір арамызда жоқ.

«Жеңімпаздар» жобасына арналған ардагерлердің ерліктері туралы әңгімелерді WhatsApp-тағы +7-70-09-05-1945 арнайы нөміріне мәтіндік хабарлама арқылы жіберуге болады. Сюжетті жіберген кезде ардагердің аты-жөні, туған күні, жылы, туған жері, атағы, әскери тегі сияқты толық мәліметтерін көрсету керек. Сонымен қатар бірнеше фотосуретін де бекіту керек. Қаһармандардың туыстары сауалнаманы арнайы сайтта толтыра алады.

 

Все новости