00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада жастарға қызмет көрсету орталығы 3 мыңнан астам адамды қабылдады

25.02.2023 | 07:44
Елорда ақпарат
78

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет «Астана жастары» ЖРО 2021 жылдың 1 маусымында пилоттық режимде Жастарға қызмет көрсету орталығын (бұдан әрі – ЖҚКО) ашты. Елорданың Сарыарқа ауданы бойынша аталған орталық 1000-ға жуық жасты қабылдап, олардың арасында өзекті мәселелер бойынша, атап айтқанда жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде консультациялық көмек көрсетті.

Бұл жоба жақсы көрсеткіштерге ие болғандықтан 2021 жылғы 18 қарашада елорданың қалған үш ауданында ашылды.

Нәтижесінде, төрт ауданда ЖҚКО ашылған сәттен бастап 3000 адамға кеңес берілді. Өтініштердің 80-90%-ы аула клубтары, еріктілік, кәсіпкерлік, жеңілдікпен несиелендіру, сонымен қатар кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және тұрғын үй мәселелері болып саналады.

Орталықтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің қызметкерлері жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселелері бойынша, Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша және «Отбасы банк» АҚ тұрғын үй мәселелеріне қатысты консультациялық көмек көрсетеді.

Айта кету керек, орталықтағы қызметкерлер кәсіптік бағдар беру қызметтерін көрсетумен шектелмейді, сонымен қатар «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша өз ісін ашуға грант ұсына алады.

Осы жылдың 11 наурызынан бастап ХҚО-да 800-ге жуық адамға кеңес берілді.

Орталықтар орналасқан мекенжай:

- Алматы ауданында – «Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31, 2-қабат;
- Байқоңыр ауданында – Алаш тас жолы, 34/5, 1-қабат;
- Есіл ауданында – «Асыл Тау» БО, Алматы, 1, 3-қабат;
- Сарыарқа ауданында – «Джафар» СО, Бөгенбай батыр, 71, 2-қабат; жазғы кезеңде Гете көшесі, 1 мекенжайы бойынша.

 

Все новости