00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада шекарашылар арасында әскери эстафетадан біріншілік өтті

25.02.2023 | 07:44
Елорда ақпарат
79

Әскери эстафеталық жарысқа басқарманың 150-ге жуық қызметкері қатысып, 11 кезең бойынша әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өзара мықтыларды анықтады.

Шараның ашылуына Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Сабитұлы, «Нұр-Сұлтан» шекаралық бақылау Басқармасының бастығы полковник Ержан Ертуғанов, Азия ойындарының төрт дүркін жеңімпазы, бес дүркін Азия чемпионы, жеңіл атлетикадан олимпиада ойындарының төрт мәрте қатысушысы және Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан құрама командасының бас бапкері Роман Газизович және Қазастан Республикасының Жекпе жек құрама командасының бас бапкері Дамир Манарұлы қатысып, құттықтау сөз алып, барша әскери ұйымдарға сәттілік тіледі.

Бұл іс-шараның басты мақсаты әскери қызметшілерді салауатты өмір салтына баулу, кәсіби дайындық пен әскери машығын шыңдау, әскери ұжымды біріктіру және бөлімшелер арасында ауыз біршілікті нығайту болып саналады.

Әскери қызметшілердің кәсіби және әскери-қолданбалы даярлығын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған жарыста өзара мықтылар анықталып, арнайы дипломадармен, медальдармен марапатталды.

Все новости