00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ElorDaуыс: Астана және Қазақстанның 12 мамырдағы өзекті жаңалықтары

25.02.2023 | 06:32
Елорда ақпарат
76

Елордада Көктал-2 тұрғын алабындағы ескі гүлзардың орнында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады, деп хабарлады Elorda.info. Тарбағатай және Құсмұрын көшелерінің арасында демалыс аймағы, инклюзивті ойын алаңы, сондай-ақ, теннис және шахмат үстелдері болады. Толығырақ мына сілтемеде. 

Қазақстанда «Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілді, деп хабарлады Elorda.info. 2023 жылдан бастап «Алтын белгіге» 9-сыныптың қорытындысы бойынша ерекше үлгідегі аттестат алған және 10-11-сыныптардың барлық оқу тоқсандары бойынша «үздік» бағалары бар оқушылар үміткер бола алады. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқи аласыздар. 

Биыл елордада 1500-ге жуық бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлады Elorda.info. Сонымен қатар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы жылы қала аумағында тағы 5 учаскелік пункт орнатылады. Толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

 

Все новости