00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұр-Сұлтанда заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы басталды

25.02.2023 | 05:21
Елорда ақпарат
56

Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен оның техникалық жай-күйіне байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің оннан жүзге дейінгі сомасында төлем көзделеді. Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі, – делінген хабарламада.

Жарақат алудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар және оқ-дәрілермен ешқандай іс-әрекет жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға әрекет жасамауды, тек полицияның кез келген бөлімшесіне, оның ішінде «102» не «112» телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Все новости