00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұр-Сұлтанда силикат кірпіш зауытының қызметі тоқтатылды

25.02.2023 | 02:19
Елорда ақпарат
60

Елордада 10 жыл бойы Промышленный тұрғын алабының тұрғындарын алаңдатқан мәселе шешімін тапты. Силикат кірпіш шығаратын зауыттағы өндіріс тоқтатылды, қоршаған ортаны ластағаны үшін зауыттың өзі мөрленді.

Қала әкімдігі уәкілетті органдармен бірлесіп, жергілікті халықтың, шамамен 30 мың адамның денсаулығына зиян келтірген кәсіпорынның қызметін мәжбүрлеп тоқтата тұруға қол жеткізді.

Зауыт басшылығы 5 жыл бойы аумақты босату және зиянды өндірісті жабу жөніндегі міндеттемелерін орындаудан жалтарған. Бұл жылдар ішінде жергілікті тұрғындар ластанған ауамен дем алды, олар өздерін жайсыз сезініп, денсаулықтары нашарлай бастағанын байқады, өзгеше иіс салдарынан бас ауруы, айналуы, жүрек айну белгілері туындаған, – делінген ақпаратта.

Все новости