Ұлы дала даңғылындағы көпір құрылысы биыл аяқталады
Қала халқы санының жыл сайынғы өсуіне байланысты жол инфрақұрылымына түсетін күш те артып келеді. Жол желісіне түсетін жүктемені азайту үшін қала ішінде, елді мекендерде жаңа жол саламыз, сол сияқты ескірген тұстарын жөндейміз. Көпірлер мен көлік қиылыстарына ерекше көңіл бөлінеді.
Қазір елордада екі көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Қаланы аралау барысында Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылы бойындағы көпір құрылысымен таныстым. Көпірге қатысты сот процестері болғандықтан құрылысы ұзаққа созылған нысанға айналып кете жаздады. Бірақ проблемалары шешіліп, күзде көпір құрылысы қайта басталды.
Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Нәжімеденов көшесі, Қошқарбаев даңғылы, Байтұрсынов көшесі, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Момышұлы даңғылының сол жағалаумен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Бұл көпір Мәңгілік ел даңғылына түсетін күшті 20% азайтады деген болжам бар. Аталған көпірдің құрылысын келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Ұлы дала даңғылында да көпір құрылысы жүріп жатыр. Оң және сол жағалауды жалғайтын көпір Мәңгілік Ел даңғылы, Нәжімеденов, Байтұрсынов, Қошқарбаев көшелеріне, Nova city ауданына, «Мыңжылдық» аллеясына түсетін күшті азайтады. Теміржол вокзалының, Тельман, Промышленный елді мекендерінің, Метро гипермаркеті ауданының, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесінің және т.б. қолжетімділігі артады. Көпір құрылысын биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Соңғы екі жылда 300 көше салынды және жөнделді, олардың жартысынан көбі – елді мекендерде, сол сияқты жаңа автобус бағыттары іске қосылды. Сонымен қатар, автобус паркін жаңартамыз. Биыл желіге тағы да 100-ден астам электр автобусын іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деп жазды А.Көлгінов.
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![«Elorda Aqparat» ЖШС журналистері БАҚ байқауының жүлдегерлері атанды](/img/articles/b5165017d9ec1f301d803ebca2a3f033.jpeg)
![Орталық касса қай күндері жұмыс істемейді](/img/articles/ca9a3c235d0b004232da5204fd9583ab.jpg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)