00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Полицейлер заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыруға шақырды

24.02.2023 | 22:40
Елорда ақпарат
95

Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар табылған жағдайда олармен қандай да бір іс-қимыл жасамауды, оларды тасымалдамауды және бұл туралы полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауды ескертеміз, – делінген хабарламада.

Бұл іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, атыс және суық қаруды қолданумен жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің төмендегі көрсетілген байланыс телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:

Нұр-Сұлтан ПД – 71-61-70;

Алматы ауданы ПБ – 71-67-37;

Сарыарқа ауданы ПБ – 71-66-46;

Есіл ауданы ПБ – 71-65-61;

Байқоңыр ауданы ПБ – 20-22-87.

Все новости