00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада құрақ көрпе стиліндегі эко-шырша орнатылды

24.02.2023 | 21:00
Елорда ақпарат
85

Жасыл түсті эко-шырша толығымен қолмен байланған. Оны құруға 300-ге жуық адам қатысты, олар соңғы бірнеше күнде мастер-кластарда тоқуды үйренді. Айтпақшы, жобаны халықаралық деп атауға болады.

Қазақстандықтардан бөлек оған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және тіпті АҚШ тұрғындары да қатысты.

Тоқылған сұлулықтың биіктігі логотиппен бірге 7 метр. Ол 170 мыңға жуықт ілмектен тұрады. Шыршаны тоқушылар оның өзіне және ойыншықтар жасау үшін 400-ден астам иірілген жіптерді қолданды.

Эко-шыршаның авторы және идеялық шабыттандырушысы – әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мұқышева және Bergen әлеуметтік шеберханасы.

Жобаны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және елорданың Мәдениет басқармасы жанындағы креативті индустрияларды дамыту орталығы қолдады.

Все новости