00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорда әкімдігі Саинның ваучерлерге қатысты сынына жауап берді

24.02.2023 | 18:12
Елорда ақпарат
94

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдар ұсынатын операторлар Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен ережелер аясында жобаны платформа арқылы жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді.

«Әкімдік ұсынатын оператордың белгілі бір жабдықтаушыға артықшылық беріп, ваучер таратуға мүмкіндігі жоқ. Платформаның жұмыс қағидаты бойынша баланың заңды өкілі жабдықтаушыларды өз бетінше таңдайды» делінген қала әкімдігінің жауабында.

Сондай-ақ олар жүйеде операторлардың жұмысын қиындататын бірқатар проблема бар екенін атап өтті. Мысалы, операторға кезекке тұру күні мен уақытын анықтай отырып, ата-аналар үшін баламалы шарттарды ұсыну мақсатында электронды кезек жүргізу мүмкіндігі берілмеген; порталда бөлінген қаражат шегінде ваучерлер беру тетігі реттелмеген.

Жабдықтаушылар тарапынан заң бұзушылық фактілері тіркелетіндіктен, порталды балаларды сәйкестендіруге және сабаққа қатысуды цифрлық бақылауға мүмкіндік беретін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау қажет.

«Әкімдік Мәдениет және спорт министрлігіне барлық проблема туралы хат жолдап, оларды жою жөнінде ұсыныстар берді», - деп хабарлады елорда әкімдігі.

Мекеме мәліметінше, елордада спорт үйірмелеріне тегін қатысатын балалардың саны 1 мыңнан 17 мыңға дейін өскен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Аружан Саин елорда әкімдігі тегін үйірмелер мен секцияларды тарату процедурасын ашық өткізбейді, «өз адамдарына» басымдық береді деп мәлімдеген болатын. Сол сәтте ол ата-аналардың таңдаулы тобы қысқа мерзімде Болмановтар отбасы мектебіне өтініш бергенін де айтты. Соған байланысты уәкілетті органдардан процедураның қаншалықты шынайы екенін тексеруді сұраған еді.

Все новости