00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сол жағалаудағы жаңа көпір жыл соңында пайдалануға беріледі – Берік Жәкенов

24.02.2023 | 17:22
Елорда ақпарат
45

«Тәуелсіздік және Ұлы дала көшелерін жалғайтын көпір осы жылдың соңында пайдалануға беріледі. Сондықтан да жаңа көпірдің ашылуы жол уақытын қысқартатын болады», – деді Б. Жәкенов.

Бұдан бөлек, аталған сұхбатта әкім Әлихан Бөкейхан  көшесінде орналасқан «Триумфальная Арка» тұрғын үй кешеніне абаттандыру жұмыстары 2022 жылы жүргізілетінін хабарлады.

«Ол жердегі проблема маған белгілі. Кеше ғана аудан тұрғыны Бекзат ханым жеке қабылдауымда болды. Бұл мәселе негізі мердігер компаниялардың салғырт жұмысына байланысты туындап отыр. Ол жерге абаттандыру жұмыстары керек екені рас. Соған сәйкес, жобалық-сметалық құжаттарды дайындап жатырмыз. 2022 жылы сол жерге абаттандыру жұмыстары жасалады. Ол жердегі мәселелердің ең бастысы, Бөкейхан көшесінің жалғасы, яғни, Керей-Жәнібек және Ұлы дала көшелерінің арасындағы жол құрылысы. Мұны Жол басқармасы ендігі жылға жоспарлап отыр. Сондай-ақ ол жерде шиномонтаж тағы да бірнеше нысандар бар екенін білемін, жол салынғаннан кейін оның барлығы сүріледі. Тұрғындарға айтарым, ендігі жылы жол салуды және ауланы абаттандыруды жоспарлап қойдық», – деді ол.

Все новости