00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада жастарға арналған жалдамалы пәтерге құжат қабылдау басталады

24.02.2023 | 17:02
Елорда ақпарат
82

“Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін алдын ала интернет-ресурстарда құжаттарды тапсыру мерзімі және құжаттар қабылданатын портал туралы ақпарат жарияланатын болады. Сондай-ақ, бұл тұрғын үй тек жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге берілетінін хабарлаймыз. Яғни, 5 жылдан кейін Сіз берілген тұрғын үйді босатуыңыз керек. Егер Сіз іріктеуден өтіп, осындай тұрғын үйді алсаңыз, тұру кезінде өз пәтеріңізге бастапқы жарнаны жинауға кеңес береміз. Егер бұрын тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайын 90 000 – 120 000 теңге төлесеңіз, онда осы тұрғын үй үшін 5 – 15 000 теңге төлейсіз, бұл Сізге өз тұрғын үйіңізді сатып алу үшін 5 жыл ішінде ақша жинауға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

Құжаттарды тапсыру тәсілі: тек электронды түрде (кейінірек порталдың мекенжайы жарияланады);

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылдың қараша айының басында;

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

Тұрғын үй келесі мерзімге беріледі: 5 жыл, ұзарту құқығынсыз;

Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000 - 15 000 теңге;

Шарттары:

- 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;

- аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;

- Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркелу;

- өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;

- төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 116 680 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).

Бірінші кезекте ЭЦҚ кілтін алу қажет, ал тізім бойынша анықтамалардың барлығы жаңа болуы және өтінім берген кезде алынуы керек. Қажетті құжаттар тізімін www.zhilfond.kz.сайтынан білуге болады.

Құжаттарды тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі:

- Отбасының болуы үшін – 5 балл, некенің әр жылы үшін – 2 балл;

- Баланың болуы үшін – 1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;

- Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін – 1 балл;

- нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге - 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);

- жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;

- өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;

- екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтарды үшін – 2 балл.

Қосымша ақпаратты iKomek-тің 109 (мобильді телефондар үшін), сондай-ақ +7-700-725-17-32 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады – «Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты басқармасы» ММ.

Все новости