Елордалық жас ғалымның еңбегі Дубайда ең үздік деп танылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Ajman_2_4a6d0a08c1.png)
ЕҰУ өкілі конференцияның жалпы отырысының модераторы да болып сайланды.
Дубай қаласында өткен халықаралық конференцияға АҚШ, Италия, Жапония,
Оңтүстік Африка, Канада, Түркия, Гонконг, Чехия, Қытай, Германия және басқа
елдердің 30 ғалымы қатысты. Қатысушылар тарапынан 10 постер ұсынылды.
Барлық жұмыстар қатаң түрде белгілі бір критерийлер бойынша таңдалды. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық ғалымның постерлік баяндамасы үздік деп танылды.
Бұл конференция тың идеялар мен тәсілдердің пайда болуына түрткі болды,
маған күш-қуат және шабыт берді. Осы саладағы әріптестеріммен пікір
алмасу – мен үшін тәжірибенің маңызды бөлігі. Мұндай іс-шарада барынша жақсы сөз сөйлеу үшін өзіңіздің ғылыми жетістіктеріңізді, сонымен бірге
коммуникациялық қабілетіңізді көрсетуіңіз аса маңызды, - дейді ЕҰУ
постдокторанты Айман Ақылбекова.
ЕҰУ физика-техникалық факультетінің «Техникалық физика» кафедрасы
доцентінің м.а. А.Ақылбекованың жобасы халықаралық конференцияға
қатысуына «Жас ғалым» жобасы жол ашты.
Айман Ақылбекова – «SiO2/Si трек шаблонында жартылай өткізгіш наноқұрылымдарды қалыптастыру ерекшеліктері» жобасының жетекшісі. PhD докторы қазақстандық және шетелдік ғалымдармен бірлесе еңбек етеді.
Оның негізгі ғылыми қызметі – наноөлшемді кристаллиттер мен күрделі
оксидті қосылыстардың наносымдарын, мырыш пен селен қосылыстарының
темплэйтті синтезін зерттеу және әзірлеу.
ЕҰУ постдокторанты – 4 патенттің иегері. Айман Ақылбекова 30-дан астам
ғылыми еңбегін жариялады. Оның ішінде 2 монография және Web of Science CoreCollection және Scopus деректер базасына кіретін, Q1, Q2, Q3 квартильдері бар 7 мақаласы бар. Ғалым қазақ тіліндегі «Кристалдардың жылулық қасиеттері» оқу құралының авторы және «Астрономия» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік құралының және «Астрономия» электрондық оқулығының тең авторы.
Айта кету керек, 2022 жылы ЕҰУ постдокторанты EFPE-2022 халықаралық
конференциясында постерлік баяндама жасап, белсенді қатысуының нәтижесінде ресейлік ғылыми дәйексөз индексіне қабылданды.
![](/img/articles/uploads/whatsapp_image_2024_03_01_at_110456_f14745895e.jpeg)
![](/img/articles/uploads/c4a5486da406f39ac35f7f1252fa5528_1280x720_ed9cba6ff2.jpeg)
![](/img/articles/uploads/c0edb4713969594513fd536f9e74f36a_1280x720_8dade987b2.jpeg)
![](/img/articles/uploads/23_image_22_02_24_04_05_4_c62cbf3b81.jpg)
![Астанада досы үшін дер кезінде көмек шақырған бала марапатталды](/img/articles/uploads/whatsapp_image_2024_03_01_at_110456_f14745895e.jpeg)
![Астаналық спортшы XX қысқы Сурдлимпиада ойындарында ту көтеріп шығады](/img/articles/uploads/c4a5486da406f39ac35f7f1252fa5528_1280x720_ed9cba6ff2.jpeg)
![Жүзуден Азия чемпионатында астаналық спортшылар рекорд орнатты](/img/articles/uploads/c0edb4713969594513fd536f9e74f36a_1280x720_8dade987b2.jpeg)
![Астаналық ғалымдар ChatGPT-дің қазақ тіліндегі прототипін жасады](/img/articles/uploads/23_image_22_02_24_04_05_4_c62cbf3b81.jpg)
![Астаналық ғалымдардың кітабы әлемдік баспадан жарық көрді](/img/articles/uploads/12_092b470361.jpg)
![Елордалық жас ғалымның еңбегі Дубайда ең үздік деп танылды](/img/articles/uploads/Ajman_2_4a6d0a08c1.png)
![Астана әкімдігі Галина Дувановаға бір бөлмелі пәтер сыйлады](/img/articles/uploads/61ff1237f739981548f9d347b207210a_1280x720_590948a31c.jpeg)
![«Астана Опера» солисі халықаралық тележоба жеңімпазы атанды](/img/articles/uploads/photo1702969555_3bc9b93317.jpeg)
![Елордалық инспектор республикалық конкурстың жеңімпазы атанды](/img/articles/uploads/imgonline_com_ua_Frame_blurred_3_Zots_Vm_SE_5r_eef3e3c4b5.png)
![Астанада адам өмірін өрттен арашалап қалған әскери қызметші марапатталды](/img/articles/uploads/4d8176f60f0c39c2c9185482f33e775e_1280x720_04e497ad5c.jpg)
![Астанада досы үшін дер кезінде көмек шақырған бала марапатталды](/img/articles/uploads/whatsapp_image_2024_03_01_at_110456_f14745895e.jpeg)
![Астаналық спортшы XX қысқы Сурдлимпиада ойындарында ту көтеріп шығады](/img/articles/uploads/c4a5486da406f39ac35f7f1252fa5528_1280x720_ed9cba6ff2.jpeg)
![Жүзуден Азия чемпионатында астаналық спортшылар рекорд орнатты](/img/articles/uploads/c0edb4713969594513fd536f9e74f36a_1280x720_8dade987b2.jpeg)
![«Нәтиже – 30 секундта»: Қатерлі тері ауруын анықтайтын қосымша пайда болды](/img/articles/uploads/64143dd2a962e735533723_6aea421ecd.jpeg)
![Астаналық ғалымдар ChatGPT-дің қазақ тіліндегі прототипін жасады](/img/articles/uploads/23_image_22_02_24_04_05_4_c62cbf3b81.jpg)
![Астана әкімдігі Галина Дувановаға бір бөлмелі пәтер сыйлады](/img/articles/uploads/61ff1237f739981548f9d347b207210a_1280x720_590948a31c.jpeg)
![Астаналық ғалым екінші рет әлемдегі ең үздік ғалымдардың қатарына енді](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_12_06_at_14_08_43_d6be2f88e6.jpeg)
![Bosphorus Cup-2023: Елордалық мәнерлеп сырғанаушы жүлдегер атанды](/img/articles/uploads/6455eed1_9cc0_4ad0_b428_41e142b89527_108c056c2f.jpg)
![«Астана Опера» солисі халықаралық тележоба жеңімпазы атанды](/img/articles/uploads/photo1702969555_3bc9b93317.jpeg)