00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналық оқушы әлемнің үздік математигі атанды

26.07.2023 | 09:00
132
Фото: видеодан скрин

Астаналық оқушы Әли Насырбек әлемнің үздік математигі атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы жария етті.  Ол жыл сайын өтетін Copernicus Olympiad сайысына қатысып, жүлдегер атанды.

Жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелген. Қазақстан намысын 51 бала қорғады. Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келеді.

Байқау АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтті. Біз әлемнің ең мықты оқу орындарының бірі Колумбия университетінде болдық. Кейін Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын, – дейді Copernicus Olympiad жеңімпазы Әли Насырбек.

Все новости