00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Поиск

ДСМ ауыз судың ластануы туралы ақпаратты жоққа шығарды

08.04.2024 | 16:50
Елорда ақпарат
123
фото: gov.kz

Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су басқан аумақтарда инфекциялық аурулардың өршу қаупі, эпидемиологиялық қызмет тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі туралы аудио және бейне форматта хабарламалар тарала бастады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше,  ауыз суда ішек инфекцияларының пайда болу жағдайлары бойынша жалған ақпарат таратылуда, бұл шындыққа жанаспайды.

Су тасқыны жағдайына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, су тасқыны кезеңіне тән нозологиялар бойынша инфекциялық сырқаттанушылықты тіркеу көрсеткіші өткен жылдардың орташа республикалық көрсеткішінен (2022-2023 жылдар) аспайды.

Барлық объектілерде инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында СЭС органдары ауыз сумен жабдықтауды бақылауды күшейтті. Эпидемиологиялық жағдай туралы сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге, Денсаулық сақтау министрлігіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне, жергілікті жерлердегі Денсаулық сақтау басқармасына хабарласуды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Все новости