«ЖОО үздік оқытушысы-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/28_92554f4bf23dc83f40ccc1dd06057046_1280x720_cfefd00e20.jpg)
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2023» байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.
Республикалық конкурстық комиссия оқытушылар арасынан үздіктерді таңдады. 43 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады.
Ақшалай ынталандырудан басқа, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары төсбелгісіне ие болады.
Конкурс жыл сайын оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты. Конкурста электрондық оқу ресурстарын, материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. көрсеткіштер бағаланды. Сондай-ақ үміткерді оқыту сапасы, оның бакалавриат, магистратура және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі жұмысы бағаланды, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратында.
Айта кетейік, байқау ҚР ҒЖБМ ақпараттық жүйесі базасында өтті, ол арқылы қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын байқай алды. «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023» конкурсына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар электрондық форматта қабылданды. Бұл байқауды өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті.
Комиссия құрамына ҮЕҰ, жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.
Жеңімпаздар тізімімен Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында танысуға болады.
![](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![«Педагогикалық идеялар панорамасы»: Байқауға қатысуға 170 өтінім қабылданды](/img/articles/07d3744b5664cc89aac910d01721b9fc.jpg)
![Биыл 186 000 түлек мектеппен қоштасады](/img/articles/c732cd3215c46f7909c694f5ccfe456e.jpg)
![«Aqyl Battle CUP-2024» КТК зияткерлік сайысының жаңа маусымы басталды](/img/articles/e0d1a239746dd9bf420e754f845a99d9.jpeg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)