00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Поиск

Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады

Түркістандық оқушы
фото: Түркістан облысы әкімдігі

Кентаулық түлек Айдос Қожанов ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады. Бұл – әзірге еліміздегі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлады Elorda.info облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Айдос Хайроллаұлы Қожанов Кентаудағы Юрий Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейде 10 жыл білім алып, 11-сыныпта Грант мектебіне ауысқан.

Жігіт математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді.

Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтініш білдірген. Жалпы облыс бойынша 11 сыныпты 32 306 оқушы бітірді. Оның 1727-сі «Алтын белгіге», 2466-сы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Все новости