Робототехника чемпионатының жеңімпаздары марапатталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/05_07_809727c0cb.jpg)
Бүгін Астанада «Robotek Grand Tournament 2023» атты робототехникадан республикалық чемпионатының салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Гаждембек Тұрсынов, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов және т.б. қатысты.
Бұл жоба елімізде осымен екінші рет өткізіліп жатыр. Өткен жылы қалалық деңгейде өтті. Ал биыл «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен республикалық деңгейді ұйымдастырдық. Чемпионаттың мақсаты – робототехника, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Сондай-ақ жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу, - деді «Robotek.kz» мектебінің директоры Санжар Шалқарбеков.
Чемпионаттың іріктеу кезеңдеріне еліміз бойынша 3000-нан астам оқушы қатысты. Солардың ішінен жүйрік шыққан 260 қатысушы финалдық кезеңге жолдама алған болатын.
Жарыс өте жақсы өтті. Бізге сызық бойымен жүретін робот құрастыру бойынша тапсырма берілді. Жарыс кезінде төрешілер ұсақ-түйекке дейін назар аударып, әр нәрсені жіті бақылап отырды. Біз роботты 3 ай бойы құрастырдық. Ал бөлшектерін әр елден сатып алдық, - деді робототехникадан республикалық «Robotek Grand Tournament 2023» чемпионатының «Сызық бойымен жарыс, 14-17 жас» санатының 1 орын жеңімпазы Жамбыл облысынан Жандос Икметуллаев.
Бүгін марапаттау рәсімінде барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ әр номинация бойынша жарыс жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен, медальдармен және Чемпионат демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қоса, жеңімпаздарды дайындаған оқытушыларға алғыс хаттар табысталды.
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)