00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Qazaq universiteti» газетіне 75 жыл

13.12.2023 | 14:08
123
Фото: Марат Жүнісбеков

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай «Qazaq universiteti» газетінің 75 жылдығына арналған «Media University» студенттік сapstone өтті, деп хабарлады Elorda.info

 Шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ләззат Еркінбаева құттықтау сөзбен ашты.

 Білім мен ғылымның қарашаңырағы Университеттің 90 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатқан шараға қатысушыларға ұжым атынан ризашылығын білдірді.  Ғасырға жуық тарихы мен дәстүрі қалыптасқан газеттің мерейтойы ұлт баспасөзінің айтулы күн, - деді проректор.  

 Журналистика  факультетінің деканы ТемірғалиКөпбаев  шараға жиналғандарды баспасөз мерейтойымен құттықтап, газеттің университет өміріндегі маңызын ерекше атап өтті. 

казгу 2.jpg

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов университет пен газетті мерейтойымен құттықтап, басылым  ұжымына шығармашылық табыстар тіледі. 

Жоғары білім саласында жетекші оқу орнының газеті университет өмірінің айнасы. ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі және ҚазҰУ арасында медиа саласында мамандар даярлау мен салалық журналистиканы арттыру бойынша тұрақты шаралар өтеді. Арадағы ынтықтмақтастық жасанды интеллект және журналистика, фэшн журналистика, медиаэкология сияқты басым бағыттарда жалғасады, -деп атап өтті министрлік өкілі. 

казгу 3.jpg

Сонымен қатар мерейтойлық шараға ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі – Алматыдағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек қатысып сөз сөйледі.

Жарық көргенінен 75 жыл болған газет қоғам өміріндегі маңызды жаңалықтарды жариялай отырып, университеттің әлеуметтік таразысы бола білді. Газет журналистиканың хабарлау, ақпараттандыру миссиясын атқарып келеді.  Бір айтарлығы, биыл БҰҰ Адам құқығың Бүкіләлемдік декларациясы қабылдағанына 75 жыл толып отыр.  Баспасөз адамның ақпарат алу құқына үлесін қосты деп айта аламын, -деп сөзін қорытындылады В. Самек. 

 «Qazaq universiteti» газетін әр жылдары басқарған Бас редакторлары  Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессорлары Сагымбай  Қозыбаев, Дандай Ысқақ,  Сағатбек Медеубекұлы ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасынан Александр Рожков  Бекжан Әшірбаев және Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы  Дәрмен  Смайыл өздерінің естеліктерімен бөлісті. 

 Шара барысында  «Qazaq universiteti» газетінің 75 жылдығына арналған университет өмірі мен газет тынысына арналған кітап, баспасөз және фотокөрмесі ұйымдастырылды. Мәдени және академиялық мерекеге айналған шара алдағы жылы жалғасын табады. 

Гүлмира Сұлтанбаева

                                              Әл-фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті,

                                           Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісі

Все новости