00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Прокурорлық тексеріс: Әрбір екінші лагерде қауіпсіздік сақталмаған

04.08.2023 | 15:01
134
https://t.me/GenPr

 Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырған,деп хабарлады Elorda.

Бұл туралы Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.  
Құзырлы орынның тексерісі нәтижесінде әрбір екінші балалар мекемесінің ойын және спорт алаңдарында қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталған. 

Ескі жатын-орындары күрделі жөндеуді қажет етеді. 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 немесе одан да көп адам орналастырылған.
«Бәйтерек» (Қонаев қаласы) лагерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына қайшы, балалардың демалысы мен білім алуы дұрыс ұйымдастырылмаған. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген,-делінген ведомство таратқан мәліметте. 


Оның үстіне, аталмыш лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде болған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы).
Тексеру қорытындылары бойынша балалар лагерлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚК 140-бабының 2-бөлігі) басталды.

Все новости