Қонаев мектебінде медиасауаттылық тақырыбы сөз болды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/mketep_0_b3a7d1ca38.jpg)
«Elorda Aqparat» медиакомпаниясының «Мектеп және медиасауаттылық» жобасы аясындағы кезекті кездесуі Астанадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейде өтті, деп хабарлады Elorda.info
12 жылдық тарихы бар білім ордасында 2593 оқушы тек қазақ тілінде білім алуда. Мектеп-лицейде оқытудың негізгі бағыттары физика-математикалық, химия-биологиялық салалар болса да осындай гуманитарлық іс-шараларды өткізуге де зор мән беріледі.
Білім ошағында шәкірттердің жан-жақты білім алуына жақсы жағдай жасалыпты. Атап айтқанда, мұнда компьютерлік, лингафондық, мультимедиялық-интерактивті кабинеттер, заманауи үлгідегі физика, химия, биология кабинеттері, 2 спорт зал, футбол, баскетбол алаңдары, хореографиялық зал оқушылардың игілігі үшін ашылған.
Аталған медиакомпания қала әкімдігі және Астана қаласы білім басқармасымен бірге ұйымдастырып жатқан жоба шеңберіндегі кездесуде жастарға медиасауаттылық тақырыбында жан-жақты ақпарат айтылды. Журналистер тобын бастап барған «Elorda Aqparat» медиакомпаниясының директоры Олжас Сыдықбек бүгінгідей орасан зор қарқынға ие ақпараттық дәуірде жақсы менен жаманды айырып, ғаламтордағы сан мыңдаған ақпараттарды ой елегінен, сүзгіден өткізу үшін медиасауатты болудың маңызды екенін түсіндірді. Мектептермен байланыс орнатуды көздейтін бұл кездесулер арқылы болашақ журналистерді газет оқуға тарту, тіпті мерзімді баспасөзге мақала жазуға бейімдеу екенін де жеткізді.
Сонымен қатар кездесуге келген «Astana aqshamy» газетінің тілшісі, тәжірибелі журналист Таңатар Төлеуғалиев сан жылдық журналистік қызметінен сыр шерте отырып, журналистиканың бұрыны мен бүгінгі ахуалын салыстыра әңгімеледі. Басылымда көп жылдан бері еңбек ететін тілші Гүлбаршын Өкешқызы жастардың журналистік қадамына сәттілік тілей отырып, оларды холдинг мектеп оқушылары үшін ұйымдастырып жатқан «Ел жүрегі – елорда» атты шығармашылық байқауына қатысуға шақырды. Оған 15 қазанға дейін елордадағы білім ордаларының 7-11-сынып оқушылары өз шығармасын ұсына алатынын атап өтті. Газеттің жас тілшісі әрі болашақ журналистика мамандығы бойынша студент Индира Бержанова болашақ тілші боламын деген жастарға оқуға қалай түсуге, портфолионы қалау жинауға болатыны туралы өз білгенімен бөлісті. Сонымен қатар тілші Райхан Рахметова журналистке қажет білім мен біліктілік, өзге де машықтар жайлы ойын ортаға салды. Ал қазіргі заман талабына сай сапалы бейнетүсірілім жасап, оның әлеуметтік желіде әдемілеп берудің тәсілдерін медиакомпания SMM-маманы Гүлжан Уәлиева оқушыларға ұғынықты етіп түсіндіріп берді.
Еркін форматта өткен кездесу барысында оқушылар осы тақырыпта өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Альбина есімді 11-сынып оқушысы ақындыққа жақындығын айтып, әдебиетке бейімдігін байқатты. Бастапқыда қымсыныңқырап отырған көрермен оқушылар біртіндеп ашылып, бірінен соң бірі сұрақтарын жаудырды.
Олардың «Жазатын ойымды әдемі жеткізу үшін не істеуге болады?», «Қазақ тілінің мәртебесін қалай көтереміз?», «Газеттің оқырмандарын сақтап қалу үшін қандай жобалар жүзеге асырылады?», «Тележурналистиканы емес баспасөзді таңдау үшін жастарды қалай қызықтырамыз?», «Қазір журналистикада әлеуметтік мәселелер көп талқыланбайды, көбіне БАҚ үкіметке жұмыс істейді деп айтылады, осы оймен келісесіздер ме?» деген сияқты басқа да сұрақтарына кездесу қонақтары толық жауап берді.
Райхан Рахметова
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)