Мемлекеттік қызметшілерге бөлінген гранттар саны белгілі болды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/c6e5da5e_b1b4_4076_9ca1_be672656ce39_2668df3d9c.jpg)
Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға жыл сайын магистратура бағдарламаларына 120 грант, докторантураға 12 грант бөлінеді, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еліміздегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау кезеңі аяқталды.
2023-2024 жылдарға құжат қабылдау 3 сәуірден бастап 29 маусымға дейін admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді. Жүйеге барлығы 1 410 адам тіркелді, 890 адам конкурсқа жіберілді, олардың ішінде 855-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін конкурсқа түседі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратура бағдармалары бойынша конкурсқа жіберілгендер саны:
«Мемлекеттік саясат» – 295;
«Өңірлік даму» – 221;
«Адами ресурстарды басқару» – 134;
«Экономика» – 104;
«Мемлекеттік басқару» – 63;
«Халықаралық қатынастар» – 11.
Докторантура бағдарламалары бойынша конкурсқа жіберілгендер саны:
«Экономика» – 3;
«Халықаралық қатынастар» – 5;
«Мемлекеттік басқару» – 19 үміткер.
Академияда оқуға құжат тапсырғандардың басым бөлігі – жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер.
Жергілікті атқарушы органдар – 452;
Орталық мемлекеттік органдар – 213;
ОМО аумақтық бөлімшелері – 175;
Жергілікті өкілді органдар – 15.
Қабылдау комиссиясының шешімімен гранттар келесідей бөлінді:
магистратура бағдарламалары бойынша:
«Мемлекеттік саясат» – 35;
«Өңірлік даму» – 26;
«Адами ресурстарды басқару» – 16;
«Экономика» – 15;
«Мемлекеттік басқару» – 21;
«Халықаралық қатынастар» – 7.
докторантура бағдарламалары бойынша:
«Экономика» – 1;
«Халықаралық қатынастар» – 2;
«Мемлекеттік басқару» – 9.
Конкурстық іріктеу докторантураға үш кезеңнен, ал магистратураға екі кезеңнен тұрады:
- «Зерттеу жұмысы жоспарының жобасы» 5-14 шілде (тек докторантураға құжатты тапсырғандар үшін);
- «Аналитикалық эссе» жазу кезеңі 5-14 шілде;
- «Сұхбаттасу» 17-31 шілде аралығында жүргізіледі.
Оқуға алдын ала қабылданған үміткерлер тізімі 7 тамызда жарияланады. Үміткер, оқуға жіберген мемлекеттік орган және Академия арасындағы үш жақты келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 18 тамызда оқуға қабылданғандардың қорытынды тізімі бұйрықпен бекітіледі.
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![«Педагогикалық идеялар панорамасы»: Байқауға қатысуға 170 өтінім қабылданды](/img/articles/07d3744b5664cc89aac910d01721b9fc.jpg)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)