«Мектеп және медиасауаттылық» жобасы Фариза мектебінде қорытындыланды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/foto_gl_e45e00ee3a.jpg)
«Elorda Aqparat» медиакомпаниясы мен Астана қаласы Білім басқармасымен бірлескен «Мектеп және медиасауаттылық» жобасы аясындағы айлық кездесулер бүгін Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназияда түйінделді, деп хабарлады Elorda.info
Аталмыш жоба аясында медиакомпания қызметкерлері бір ай бойы қала мектептерін аралады. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиядан басталған осындай кездесулер поэзия падишасының аты берілген білім ошағында қорытындылады.
«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков бастаған журналистерге мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жансұр Ілиясов алдымен оқу орнын таныстырды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған мектепте фаризатану бөлмесімен қатар ата-аналарды қолдау кабинеті ашылған. Ақын атындағы бөлмеден оның отбасы сыйлаған жақсыдан қалған жәдігерлерді, кітаптарды көруге болады. Ал ата-аналарды қолдау кабинетінде оларға түрлі кеңестер беріледі екен.
Мектепте робототехника кабинеті де бар. Химия және биология кабинеттері жаңа заманға сай техникамен жабдықталған. Сабақ оқушыларға мультимедиялық тақта арқылы түсіндіріледі. Оқу орнының кітапханасы мен спортзалы да кең.
Кездесуде Ғалым Қосымжанұлы «Мектеп және медиасауаттылық» жобасының мақсатын түсіндіре келе, негізгі мақсат шығармашылықпен айналысатын оқушыларға бағыт-бағдар беру, олардың талабын шыңдау екенін айтып өтті. «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Нұрлат Байгенже қазіргі ақпараттық заманда естіген, оқыған ақпаратты сүзгіден өткізу аса маңызды екенін айтты. Кездесу ары қарай сұрақ-жауапқа ұласты. Оқушылар өздерінің жазған шығармаларын қайда жариялауға болатыны жайында, қонақтардың журналистикаға келу жолы, т.б. өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, жауап алды.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)